Наурыз айында «3 желания» бренді Наурыз мейрамына орай ауқымды науқан өткізді. Мерекелік Іс-шаралар Қазақстанның Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Петропавл және Павлодар жеті қаласында ұйымдастырылды.
21 және 22 наурыз күндері қалалардың орталық алаңдары мен сауда-ойын-сауық орталықтарында қала тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы безендірілген брендтік аймақтар жұмыс істеді. Мұнда келгендер естелік фотосуреттерге түсіп, интерактивті ойындарға қатысты, «3 желания» өнімдерінен дәм татып, 4 000-нан астам брендтік сыйлықтардың біріне ие болды.
Алаңдардың безендірілуі Наурыз мерамының салт-дәстүрлерінен бастау алып, мерекенің басты құндылықтары – қонақжайлылық, туыс-туғанмен қауышу қуанышы мен бірлікті айшықтады. Екі күн бойы бренд көктем мерекесінің ерекше атмосферасын сыйлады. Іс-шараларға 10 000-нан астам адам қатысты.
Осылайша, «3 желания» бренді Наурыз мерекесінің ажырамас бөлігіне айналды, қатысушыларға жарқын әсерлер, жылы сезімдер мен көктем мерекесінің қуанышын бірге бөлісуге мүмкіндік берді.