Премьер-министр Олжас Бектенов Eurasian Milk зауытына жұмыс сапарымен болды. Кәсіпорын ұжымымен және басшылықпен өткен кездесуде Үкімет басшысына жаңа жоғары технологиялық өндіріс кешенінің өндірістік әлеуеті таныстырылды. Зауыт жұмысымен танысқан Олжас Бектенов оның өңір экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтіп, кәсіпорынның қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға және отандық сүт саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосып отырған үлесіне жоғары баға берді.
Кәсіпорын басшылығы Үкімет басшысына терең өңделген өнім шығаруға бағытталған ірі өндірістің технологиялық әлеуетін дамытудың негізгі бағыттарын таныстырды. Кездесуде жұмыс процестерінің жоғары тиімділігін және өнімнің халықаралық стандарттар деңгейіндегі тұрақты сапасын қамтамасыз ететін озық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды.