Опубликовано: 01.01.2026
Петропавлда елдің тамақ өнеркәсібіндегі ең ірі инвестициялық жобалардың бірі — Eurasian Milk заманауи сүт зауытының бірінші кезегінің құрылысы аяқталды.

Петропавлда елдің тамақ өнеркәсібіндегі ең ірі инвестициялық жобалардың бірі – Eurasian Milk заманауи сүт зауытының бірінші кезегінің құрылысы аяқталды.

Республикалық маңызы бар бұл ауқымды жоба өнімді еліміздің барлық өңіріне жеткізуге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның технологиялық жабдықталу деңгейі Қазақстандағы ең озық болып саналады: өндірістік желілердің бәрі Еуропаның жетекші өндірушілерімен жеткізілген, ал мұндай деңгейдегі жабдықтардың ел аумағында ғана емес,  ЕАЭО кеңістігінде де баламасы өте сирек.

Зауыт тәулігіне 350 тоннаға дейін сүт қабылдап, тазалай алатын желілермен, сондай-ақ жартылай қатты, қатты және жұмсақ ірімшіктер, сары май, қоюландырылған сүт, ашытылған сүт өндіруге және өнімді ультра-клин қаптамасына құюға арналған өндірістік қуаттармен жабдықталған.

Жоба рекордтық қысқа мерзімде – 3 жылға жетпейтін уақытта іске асырылды. Бірінші кезең аясындағы инвестиция көлемі шамамен 80 млн долларды құрады. Бұл кәсіпорынның дамуына ғана емес, тұтастай өңір экономикасына қосылған елеулі үлес. Eurasian Milk отандық сүт өнімдерінің нарықтағы орнын нығайтуға, импортқа тәуелділікті төмендетуге және Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

news-1128 img news-1130 img news-1129 img