0%

ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНЕРКӘСІБІНІҢ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ХОЛДИНГІ

EURASIAN FOODS CORPORATION

— ең жоғары дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін, өнім көлемі жылына 185 000 тоннадан астам болатын май өнімдерін өндірішулер арасындағы республиканың кең танылған үздігі.
+
қызметкер
жылына тоннадан бастап
м²
қойма
бірлік автокөлік
+
сауда серіктестері
МІНДЕТ ПЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Миллиондаған адамдарға сапалы және дәмді өнімдерге қол жеткізуге мүмкіндік бере оытырп, азық-түлік өнімдерін өндіру мен дистрибуцияда көшбасшылық ету.
Әр адам және оның қажеттіліктері
Табиғилық
Қауіпсіздік пен сапа
БІЗДІҢ БРЕНДТЕРІМІЗ
Шедевр
«Шедевр» – Қазақстандағы №1 күнбағыс майы — тек таңдаулы шикізаттан, заманауи технологиямен өндіріледі. Жыл сайын бренд Қазақстандағы тұтынушылардың танымдылығы мен адалдығы бойынша үздік нәтижелер көрсетіп келеді.
Бренд өнімдерін қарау
3 желания
«3 желания» – майонез, кетчуп, тұздықтар мен дәмдеуіштер санатында Қазақстандағы көшбасшы бренд. Брендтің өнім ассортиментіне маргариндер, көкөніс және сүт консервілері, дәмдеуіштер, хош иістендіргіштер, құрғақ қоспалар мен маринадтар да кіреді
Бренд өнімдерін қарау
Иртыш
«Иртыш» – қазақстандық сүт өнімдері бренді. Оның өнім қатарында сары май, ірімшік, қаймақ және басқа да қышқыл сүт өнімдері бар. Өнімдер Солтүстік Қазақстан облысының фермаларынан алынған сиырдың сүтінен жасалатын балғын кілегейінен, Еуропаның заманауи жабдығында өндіріледі.
Бренд өнімдерін қарау
Златые горы
«Златые горы» Қазақстандағы тұтынушылардың білімі, тұтынуы және адалдығы деңгейі бойынша сары майдың ҮЗДІК-5 брендтің қатарына кіреді. Сапа кепілдігі мен керемет дәм — бүкіл өнім желісінің басты ерекшелігі.
Бренд өнімдерін қарау
Империя сыра
«Империя сыра» – ірімшік жасаудың ең үздік дәстүрлері мен заманауи технологияларды үйлестіретін табиғи ірімшіктер бренді. Ірімшіктер табиғи сүттен жасалады. Бренд желісінде ірімшіктің ең танымал дәмі бар.
Бренд өнімдерін қарау
Золотой стандарт
«Золотой стандарт» – HoReCa саласында және ірі азық-түлік кәсіпорындарында қолдануға арналған арнайы өнімдердің кең желісі. Брендтің ассортиментінде маргариндер, майлар, спредтер және ірімшік өнімдерінің кең таңдауы ұсынылған.
Бренд өнімдерін қарау
Станичное
«Станичное» – нарықтағы ең өзекті сұранысқа сай келетін бренд: қол жетімді бағадағы сапалы өнімдер. Бұл өнімді тиімділік пен тұрақты сапаны бағалайтындар таңдайды.
Бренд өнімдерін қарау
EURASIAN FOODS ЗАУЫТТАРЫ

Eurasian Foods Corporation холдингі май және сүт өнімдерін шығаратын үш жоғары технологиялық зауытты біріктіреді. Зауыттар жетекші еуропалық өндірушілердің жабдықтарымен жабдықталған және кіріс шикізатынан бастап дайын өнімді шығаруға дейін сапаны қатаң, көп деңгейлі бақылау жағдайында жұмыс істейді. Аттестатталған зертханалар физикалық-химиялық және микробиологиялық бақылауды қамтамасыз етеді, ал өздерінің инновациялық зертханалары жаңа өнімдерді әзірлеуге және рецептураларды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Өндірістік қызмет FSSC 22000 схемасы бойынша сертификатталған және қолданыстағы құжаттарды жыл сайын растай отырып, ҚР СТ ISO 9001:2016, ҚР СТ ISO 22000:2019, ҚР СТ ISO 14001:2016 және ҚР СТ ISO 45001:2019 талаптарына сәйкес келеді.

Компания өнімдері тұтынушылар арасында кеңінен танымал және ұлттық және халықаралық байқауларда үнемі марапаттарға ие болады. Холдинг өндірісті ұйымдастырудың жоғары деңгейін көрсетуде және Қазақстанның ірі салық төлеушілерінің рейтингіне кіреді.

ЭКСПОРТ

Холдинг ішкі нарықты сапалы өнімдермен тұрақты қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортты дамытуда да табысты жұмыс істейді. Холдингтің өз дистрибуциялық желісі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан аумақтарына өнім жеткізуді қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда Холдингтің өнімдерін әлемнің 10 еліне жеткізу жүзеге асырылады: Грузия, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия, Армения.

Қазақстан Өзбекстан Қырғызстан
map